• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №198 

282 рет
көрсетілді

2016 жылғы 8 сәуір, Астана, Үкімет Үйі «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №49, 627-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерінде жэне облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті санында: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Халқының саны 400000 адамнан аз облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 400000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 800000 адамнан артық облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 5 бірліктен аспауы тиіс.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ